«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ардақтауға әбден лайық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Петропавлда Медицина қызметкері күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Дәстүрлі шараға қатысқан өңір басшысы Самат Ескендіров ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше үлес қосқан медицина қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыс етті.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Өзінің құттықтау сөзінде Самат Ескендіров:

– Ақ халатты абзал жандар қашанда құрметті де абыройлы мамандық иесі болып саналады. Өйткені, Сіздер адамның денсаулығын сақтап, ең қымбатты өмірін арашалап қалуға көмектесесіздер. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясында: “Ұлт денсаулығы – біздің жарқын болашағымыздың негізі. Азаматтардың денсаулығын жақсарту, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету – еліміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты”, – деп айрықша атап көрсетті. Бүгінгі күні “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру оң нәтиже беруде. Жылдан-жылға денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ұлғайып, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.


Сонымен қатар, жаңа құрал-жабдықтармен қамту бойынша жұмыс жүргізіліп, диагностика және емдеудің осызаманғы әдістері енгізілуде. Өңірімізде ауылдық медицинаны дамытуға және аудандарда сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге жете көңіл бөлінуде. Биыл 3 ауданда 250 орынға шақталған емханалар пайдалануға беріледі. Жалпы соңғы 10 жылда облыста 29 медициналық нысан бой көтерді. 2012 жылы жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен емдеу мекемелері 11 жедел қызмет көрсету көлігімен толықса, биыл сондай тағы 5 машина сатып алынды, – дей келіп, ұзақ жылғы жемісті еңбектері және облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлестері үшін Ләззат Балтабековаға (№3 Петропавл қалалық аурухана), Кенжегүл Әріповаға (облыстық тубдиспансер), Бақытжан Есенғалиеваға (Петропавл қалалық СЭС), Гауһар Сәдуақасоваға (Айыртау ауд.), Асылхан Жағыпаровқа (облыстық балалар ауруханасы), Шолпан Есенбековаға (Қызылжар ауд. СЭС) – облыс әкімінің Құрмет грамотасын, 9 қызметкерге – облыс әкімінің Алғыс хатын, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен марапатталған Алман Әлиевке (Тайынша ауд.), Владимир Русовқа (облыстық аурухана), Мұрат Нұртазинге – (қалалық СЭС басқармасының басшысы) “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісін, 8 қызметкерге “ҚР-ның денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісін, 11 үздік маманға Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.

 

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Самат Сапарбекұлы құрметке бөленген жандарды ерен еңбектерінің еленуімен құттықтап, ұзақ өмір, еңбектеріне жеміс, отбасыларына бақыт тіледі.

Медицина қызметкерлері ардагерлері атынан сөз сөйлеген Таңсық Күсемісов әріптестеріне көрсетіліп отырған құрметке ризашылығын білдіре келіп, бүгінгі медицина қызметкерлері лайықты еңбек ете беретіндіктеріне сендірді.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp