«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛ ҚОЮЫНА ЖІБЕРІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР Заңы 11-бабы 1-тармағы бойынша қарсылығын қарап, Мемлекет басшысы ұсынған жаңа редакцияны қабылдады.

Конституцияға сәйкес, енді Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Бұл туралы аталған заңға қатысты түсінік берген Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова мәлімдеді.

 

Депутаттың айтуына қарағанда, Мәжіліс дауыс беру барысында Заңның 11-бабы 1-тармағы бойынша Президент қарсылығын еңсере алмады. Бұл норма негізінен 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын ерлермен теңестіруді көздейді. “Заң енді бірден Президенттің қол қоюына жолданады. Егер біз Президенттің қарсылығына қарсы болсақ, онда құжат Сенатқа жолданып, жоғары палатаның да пікірі сұралатын еді”, – деп түсіндірді депутат Г. Қарағұсова.

Еске салсақ, Елбасы Н. Назарбаев өткен аптада Парламент қабылдаған заң нормасына өз қарсылығын білдірген болатын. Бұл ретте Президент зейнет жасын кезең-кезеңмен ұзартуды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастауды ұсынды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке ха­лыққа қажетті шараларды одан әрі пысықтап, дамытуды тапсырды. Атап айтқанда, Елбасының тапсырмасына сәйкес, бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші әйелдердің міндетті зей­неткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұдан бөлек, азаматтардың міндетті 10 пайыз зейнетақы шығысына жұмыс берушінің міндетті шығарылымы есебінен қосымша 5 пайыз енгізілетін болады. Үшіншіден, міндетті кәсіби зейнетақы салымын кезең-кезеңмен тағы да 5 пайызға кө­бейту қарастырылады.

Сондай-ақ Президент Үкіметке 2030 жылға дейін зейнеткерлікпен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды одан әрі жалғастыру жөнінде кешенді іс-шаралар әзірлеуді тапсырды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов баяндама жасап, палата депутаттары, Мәжілістің парламенттік фракциялары Елбасы ұсынған редакцияны бірауыздан қолдады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp