«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСТАНАЙЛЫҚ МАРГАРИТА БИСЕНОВА – ҮЗДІК САРАПШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Медицина қызметкері күніне орай “Кәсібіндегі үздік маман” байқауы шеңберінде “Денсаулық сақтау саласындағы үздік тәуелсіз сарапшы” аталымының қорытындысы шығарылды. 

 

Бұл байқау осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Іс-шараның мақсаты – жоғары білікті, дарынды, тәуелсіз сарапшыларды анықтау, қолдау және ынталандыру, сондай-ақ олардың беделін арттыру.

 

Астанаға еліміздің барлық өңірлерінен 8 озық медициналық сарапшы жиналды. “Олар біліктілігі, тәуелсіз сарапшы ретінде жұмыс өтілі бар, жасаған зерттеулердің санын есептеу арқылы іріктеп алынды”, – деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Дәулетхан Есімов.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің тәжірибелері мен машықтарын дәлелдейтін бейнероликтерді көрсетті, сондай-ақ әңгімелесуден өтті. Арнайы құрылған комиссия қызу пікірталас нәтижесінде үш жеңімпазды таңдады.

Қостанай қалалық №4 емхананың бас дәрігері Маргарита Бисенова – “Денсаулық сақтау саласындағы үздік тәуелсіз сарапшы” байқауының жеңімпазы атанды.

2-орын – Батыс Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінің меңгерушісі Юлия Горячеваға, 3-орын Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі Светлана Төлеутаеваға бұйырды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp