«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ және ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жалпы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен қызметтердің айтарлықтай көлемін (95,1%-ын) мемлекеттік ұйымдар жасады. 

 

2013 жылғы бірінші тоқсанда облыста тұрғындарға жалпы медициналық көмек көрсетумен 100 ұйым айналысты, олардың 30-ы – аурухана. 16 ұйым әлеуметтік қызмет көрсетті. Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдары көрсеткен негізгі қызмет көлемі 6860,8 млн. теңгені құрады.

 

2013 жылғы қаңтар-наурызда әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау аясында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 95,1%-ын – мемлекеттік меншік мекемелері, 3,9 %-ын – жекеменшік және 1%-ын басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар көрсеткен.

Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау аясында негізгі қызмет көрсету төлемінің көзі бұрынғыдай бюджет қаражаты болып қалуда, ол жалпы қызмет көлемінің 94,5%-ын құраған. Тұрғындардан түскен қаражат есебінен төленген қызметтер үлесі 4,2%-ды құрады, қалған бөлігі, 1,3%-ы, кәсіпорындар қаражаты есебіне келеді.

Қызметтердің едәуір көлемі аурухана ұйымдарының қызметі есебінен қалыптасты, олар 4084,1 млн. теңге (қызметтердің жалпы көлемінен 63,2%) сомасына қызмет көрсетті. Жалпы дәрігерлік тәжірибе қызметтері 926,3 млн. теңге (14,3) сомасына, басқа да адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызметтер 673,6 млн. теңге (10,4) сомасына көрсетілді, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибе қызметтері 580,3 млн. теңге (9%) сомасына, стоматология саласындағы қызметтер 194,4 млн. теңгеге көрсетілді.

Облыстық Статистика департаменті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp