«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ БҰЗҒАНДАР САЗАЙЫН ТАРТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департа-ментінің атқаратын қызметтерінің бірі Қазақстан Республикасының “Табиғи мо-нополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Заңының сақталуын қадағалау болып табылады. Сондықтан департамент заңсыз әрекеттерге жол берген табиғи монополия субъектілерін әшкерелеп, оған кiнәлi адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етіп отырады.

Департаменттің баспасөз қызметі төмендегідей деректерді алға тартады. “Коммунсервис” МКК, “Талапкер” МКК, “Сергиенко” жеке кәсіпкерлігі, “Прометей” ЖШС, “Жамбыл су” МКК, “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ, “Айыртау-Қамқор” МКК, “Жәрдем” МКК субъектілерінің табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға қайшы келетін әрекеттері әшкереленіп, оларға нұсқамалар берілді. Мысалы, “Айыртау-Қамқор” МКК жалпы тәртіпте тарифті бекіту туралы өтінім ұсынбаған, ал қалған кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне аудит жүргізілмеген.

Департамент басқа да бірнеше субъектілердің заңсыз әрекеттеріне тиісті жазалар қолданды. Олардың қатарында: бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындамаған “Қазсушар” РМК-нің “Есіл су” филиалы бекітілген тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту туралы өтінім ұсынбаған “Мөлдір су” МКК-ы, қызметкерлер санының нормативін бекіту жөніндегі өтінімін уәкілетті органдарға ұсынбаған “Вишневское” ЖШС, тұтынушылар алдында берілетін жыл сайынғы есептің белгіленген тәртібін сақтамаған “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-ы, 2013 жылғы 1 мамырына дейін бұқаралық ақпараттар құралдарында инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпаратты орналастырмаған “Мөлдір су” МКК, тарифтік сметаның орындалғаны туралы есепті ұсынбаған “Талапкер” МКК, “Қамқор” МКК, “Жамбыл су” МКК, “Ақжар” МКК, “Сергиенко” жеке кәсіпкерлігі, “Жәрдем” МК сияқты кәсіпорындар бар.

Олардың ішінде “Талапкер” МКК, “Сергиенко” жеке кәсіпкерлігі, “Жамбыл су” МКК, “Айыртау-Қамқор” МКК, “Жәрдем” МКК, “Қазсушар” РМК-ның “Есіл су” филиалы көрсетілген нұсқамаларды мерзімінде орындамай, департаменттің сотқа жолдаған материалдары негізінде аталмыш кәсіпорындардың басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 356-бабының 3-тармағы (ҚР ӘҚБК) бойынша сот арқылы әкімшілік жауапқа тартылды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-на 692 400 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Ал басқа айыптыларға департамент нұсқамаларында көрсетілген талаптарды орындау міндеттелсе, ал “Қазсушар” РМК-ның “Есіл су” филиалына қатысты талап арызы сотта қаралуда.

ТМРА-ның СҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp