Өткен жұма күні облыс орталығындағы Достық үйінде ономастика мәселесіне арналған басқосу болды.
Оны облыстық Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Жиынды басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Жамантаев жүргізіп отырды.
Басқосуда Қазақстан Республикасының “Ономастика мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы талқыланып, бұл туралы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ернияз Сұлтанов түсініктеме берді.
Жиынға қатысушылар өңіріміздегі ономастика мәселелері туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
(Өз тілшімізден).