«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАП АРЫЗДАР ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛҒАНМЕН, сот шешімін орындауда қиындықтар бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Наталья ДЕРОВА,
облыстық ТЖД құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

Жуырда облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте “СҚО ТЖД-де кінәрат-талап қою жұмысы тәжірибесінің проблемалық мәселелері туралы” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді.
Осы саладағы істелген жұмыстар және проблемалық мәселелер жөнінде құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Марина Шахова баяндама жасады. Онда келесі сандар көрсетілді: 3 жыл (2010-2012 ж.ж.) ішінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа 1375 талап арыз жіберілді. Оның 1251-і – қанағаттандырылды, 72-сі – қабылданбады, 50-і заң бұзушылықтың жойылуына байланысты қараусыз қалдырылды. Өкінішке қарай, сот шешімін орындау бойынша шаралар кей жерлерде жедел орындалмайды. Кейбір нысандардың қызметін тоқтату туралы шешімдер орындалмай, одан әрі жұмысын жалғастыруы сирек кездесетін жағдай емес.


Осы мәселе бойынша Сот актілерін орындау бойынша департаменттің ұйымдастыру-талдау жұмысы және атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Зарина Малғаждарова өз ойын білдірді. Құқық қорғау органдары өкілдері жергілікті жерлердегі атқарушылық іс жүргізуде болатын проблемаларды талқылады, заң аясында оларды шешу жолдарын белгіледі, алдағы уақытта барынша бірлескен іс-әрекет жайында келісті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp