«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРЛЕРДЕГІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ дін жөніндегі семинарға қатысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

12-інші маусым күні Астана қаласында БАҚ өкілдеріне арналған “Дін саласындағы мемлекеттік саясат” тақырыбында семинар-дәріс өтті.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен “төртінші билік” өкілдері үшін өткізіліп жатқан семинар-дәріс барысында еліміздегі діни ахуал жан-жақты сараланды. Алдымен еліміздің дін туралы заңнамасы түсіндіріліп, діни бірлестіктер мен миссионерлерге қандай талаптар қойылып отырғандығы айтылды. Бұдан кейін дінтану саласының білікті мамандары дәріс оқыды. Дәрістер діни экстермизмнің алдын алу, дәстүрлі емес діни ағымдарды зерттеу мәселелері, тәкфіршілік және жихад жайында болды. Сондай-ақ БАҚ-тағы дін тақырыбы қалай жазылып жүргендігі талқыланды. Журналистердің дін сияқты нәзік тақырыпты жазарда сауаттылықтарының жоғары болуына аса мән беріп отырған Дін істері агенттігі осындай семинарларды жиі ұйымдастыруда. Себебі, қоғамның көзқарасын қалыптастыруда зор мүмкіндігі бар БАҚ өкілдері дәл дін тақырыбында жаңсақ ой, қате пікір айтпаулары тиіс. Семинарға қатысқан Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарының журналистері жергілікті жердегі жағдайларға байланысты өз ойларын айтып, Дін істері агенттігінің өкілдеріне бірқатар сұрақтар қойды. Оның бірі – мешіттерге кісі есімін беру жайында. Бұл мәселенің бүгінгі таңда қоғамдық пікір күйінде қалып отырғандығын тілге тиек еткен Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин мешіттерге кісі есімін беру жергілікті жамағаттың еркіндегі шешім екендігін жеткізді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp