«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында шағын футболдан республикалық ашық біріншілік өтті. Спорттық шараға ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ІІМ, ҚАЖК, Республикалық гвардия, ҚР Қаржы полициясы, ҚР ПКҚ, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ІІМ ІӘ, ҚР Кедендік бақылау комитеті он команда қатысты.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш шараны салтанатты түрде ашып, облыс әкімінің құттықтауын жеткізген оның орынбасары Фархад Қуанғанов қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Жарысты тамашалауға келген ҚР ІІМ “Динамо” Дене шынықтыру және спорт қоғамы спорт басқармасының басшысы Николай Князев пен облыстық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрұмханов құқық қорғау органдары арасында жыл сайын ұйымдастырылып тұратын спорт ойыны жеке құрамның дене шынықтыру дайындығын жетілдіріп қана қоймай, ведомстволық сала қызметтерінің қызметкерлерін жүйелі түрде спорттық ойындарға тартуды көздейтіндігін тілге тиек етті.

Бұл жолы “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының жалауын көтеру құрметі өткен жылғы ел біріншілігінің жеңімпазы – ҚР ІІМ командасының капитаны Нұрболат Маймақовқа бұйырды. Аталмыш құрама осыған дейін Ақтау қаласында самбодан өткен чемпионатта 5-ші орында болса, Астанада волейболдан ұйымдастырылған жарыста бас жүлдені қанжығасына байлаған.

Үш күнге созылған дүбірлі жарыста командалар А және Б тобына бөлініп, тартысты кездесулер өткізді. Финалға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚМ Кедендік бақылау комитетінің командасы суырылып шығып, бірінші орынға таласты. Ойын қорытындысы бойынша командалық есепте ойын шеберлігімен қарсыластарынан басым түскен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеңіс тұғырына көтерілді. Ал ҚР Кедендік бақылау комитеті – екінші, Ішкі істер министрлігі – үшінші, Президенттің күзет қызметі төртінші орынды иеленді. Жеңімпаз командалар “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының атынан кубок, диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp