«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДАР БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 73 183 теңгені құрап, 2012 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 8,0%-ға өсті, нақты көріністе 2,6%-ға өсті.

 

Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы Ғабит Мүсірепов атындағы (68 613 теңге) және Қызылжар (65 456 теңге) аудандарында атап өтілді. М.Жұмабаев (63 678 теңге), Шал ақын (62 955 теңге) және Тимирязев (62 850 теңге) аудандарында біршама төмен.

 

Өңірлік бөліністе ауыл, орман және балық шаруашылығында барынша жоғары еңбекақы М.Жұмабаев (70 475 теңге), Уәлиханов ауданының (66 478 теңге) жұмыскерлерінде атап өтілді. Өнеркәсіпте барынша жоғары еңбекақы Шал ақын (84 607 теңге) және Есіл (84 387 теңге) аудандарында.

Солтүстік өңірдегі облыстар бойынша 2013 жылғы мамыр айында еңбекақы төмендегідей болды: Ақмола облысында – 78 735 теңге, Қостанай – 83 016, Павлодар облысында – 89 509 теңге, қаңтар-мамыр айларында 74 591 теңге, 80 556 және 87 599 теңге сәйкесінше.

Облыстық Статистика департаменті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp