«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙЛАНЫС: 2012 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылы пошта мен курьерлік қызмет кәсіпорындары 405,2 млн. теңге сомасына, байланыс кәсіпорындары 5 661,4 млн. теңгеге қызмет көрсетті. 

 

Телекоммуникация және пошталық байланыс саласы – дамуына зор мән берілетін экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды құрамдасы. Қалалық (жергілікті) телефон байланысы қызметтерінен түскен табыстар 2012 жылы 1 942,8 млн. теңгені құрады, Интернет қызметінен – 1 728,4 млн. теңге, қалааралық телефон байланысы қызметтерінен – 1 476,6 млн. теңге.

 

2012 жылдың соңына облыста телефон аппараттарының саны 190 мың бірлікті құрады, бұл 2011 жылдан 1,3%-ға артық, оның ішінде тұрғындарда – 167,8 мың бірлік (өсім – 0,8%). 2008 жылмен салыстырғанда олардың жалпы саны 15,5%-ға өсті.

2012 жылы қалааралық, халықаралық телефон байланысына шығатын трафик 113,3 млн. минутты құрады. 2012 жылы бір солтүстікқазақстандық телефонмен орташа есеппен 195 минут сөйлескен, одан 29 минут халықаралық сөйлесулер құрады.

Интернетті пайдаланатын абоненттер саны 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 18,1%-ға өсіп, 60,6 мың бірлікті құрады. 2012 жылы жоғары жылдамдықтағы Интернетті пайдаланатын абоненттер 55,7 мың бірлікті құрады (жалпы Интернет абоненттерінің санын – 91,9%). 2008 жылмен салыстырғанда Интернетті пайдаланатын абоненттер саны 2,5 есе өсті. Интернет абоненттерінің саны 1000 адамға шаққанда 2012 жылы –104,2 бірлікті, 2011 жылы 87,5 бірлікті құрады. 

 Облыстық Статистика департаменті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp