Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 30 жастағы ауылдасын өлтірді деген күдікпен психиатрдың есебінде тұрған 72 жастағы зейнеткер әйелді ұстады.
17 маусым күні кешке АІІБ-нің кезекші бөліміне Новоишим ауылындағы бір үйдің ауласында кісі өлтірілді деген хабар түсті. Аталған мекенжайға келген тергеу-жедел тобы үйдің ауласынан аудан орталығының 30 жасар тұрғынының денесін көреді. Тергеу барысында үйдің иесі – ерлізайыпты зейнеткерлер, ал марқұм олардың көршісі екені анықталды.
Белгілі болғандай, қанды оқиғадан бірнеше минут бұрын зейнеткерлер көшедегі су құбырынан су алып жатқанда қастарына мас көршісі келген. Әңгіме барысында олар өзара сөзге келіп, араларында жанжал шыққан. Зейнеткерлер үйлеріне қарай қашқанымен, көршілері соңынан қуып барып, ұрыс-керісті жалғастырған. Нәтижесінде 72 жастағы кейуана қолына балта алып, көршісінің басынан ұрған. Жерге құлаған жігіттің басы мен бетінен тағы да бірнеше мәрте ұрады. Дәрігерлер келгенде ер адам жан тапсырыпты.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры Сергей Табариннің айтуынша, бұрын бірнеше мәрте сотты болған зейнеткер әйел қазір уақытша оқшаулау абақтысына қамалған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 96-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.