«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ – қоғамдық кеңес бақылауында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылғы 15 сәуірде “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңға қол қойып, ол 21 мамырда заңды күшіне енген болатын. Соған орай “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының жанындағы Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасына бақылау және мониторинг жүргізу жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді.

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.

Бұл заң халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуды және осы саладағы мемлекеттік органдардың қызметін реттеуді көздейді. Сонымен, алғаш рет заңдық негізде “мемлекеттік қызмет” ұғымы пайда болып отыр. Заң аясында бекітілген мемлекеттік қызметтің 200 стандарты мен 500 регламенті мемлекеттік қызмет көрсету жағдайына байланысты тұтынушылардың шешім қабылдау барысына белсенді түрде қатысып, ықпал етуіне нақты мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілді, ол мемлекеттік қызметтің 522 түрін қамтиды. Заңда “қызмет алушы” ұғымы кеңейтілген. Қазақстандағы қызмет алушы болып, мемлекеттік органдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар есептеледі.



Қоғамдық кеңестің төрайымы Нелли Кукушкина бұл заңды тұрғындарға жеткізу маңызды екендігін, мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуі – еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайының көрсеткіші болатындығын, азаматтар енді мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өз құқықтарын қорғай алатындығын атап айтты.
2014 жылға дейін мемлекеттік қызметтер толығымен халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асады.
Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы Қайрат Асқарбеков тұтынушылар тілектерін орындаудың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды.
Сонымен алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жүзеге асырса, Ақпарат және байланыс министрлігі қызмет көрсетудің электронды нұсқасын бақылайтын болады. Жаңа заңға сәйкес мемлекеттік қызмет туралы өтініш 15 жұмыс күнінде қаралады.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp