«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Қазақстан полициясы күні қарсаңында облыстық Ішкі істер департаменті “Ашық есік күнін” өткізді. Бұл шара тұңғыш рет Есіл аудандық ішкі істер бөлімі негізінде ұйымдастырылды.
– Бұл шараның мақсаты – полиция органдарының жұртшылықпен байланысын кеңейту, біздің қызметкерлердің жұмысының оң нәтижелері туралы шынайы және уақтылы ақпараттар тарату, полиция қатарына жастарды тарту, – деді облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрұмханов.


Есіл ауданының әкімі Ерік Нұрақаев жергілікті атқарушы биліктің аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қандай қолдау көрсетіп жатқанын тілге тиек етті. Содан кейін облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Мұрат Ұрұмханов Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Сұлтановқа “Нива” автомобилінің, ал аудан әкімі Ерік Нұрақаев учаскелік полиция инспекторларына скутердің кілттерін тапсырды.
“Ашық есік күні” шарасы арнаулы мақсаттағы “Арлан” бөлімшесі жауынгерлерінің өнер көрсетуімен жалғасты. Олар психологиялық даярлық элементтерін, қарумен және қолма-қол күрес түрлерін көрсетті, бұған, әсіресе, жиналған балалар риза болды. Аудан орталығының тұрғындарына полиция органдары қызмет барысында пайдаланатын автотехникалар, қару-жарақтар, есірткі заттарын анықтайтын аспаптар таныстырылды. Облыстық ІІД мұражайының көшпелі экспозициясын тамашалаушылар да аз болған жоқ.
“Ашық есік күні” шарасы облыстық ІІД көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты. Мұндай игі істер алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
 
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp