«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАСТЫҚ-ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰРАМЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстағы 1000 ер адамға 1100 әйелден келеді, қалалық елді мекендерде – 1211, ауылдарда – 1027.

2013 жылғы 1 қаңтарға облыс тұрғындарының нақтыланған саны 579,5 мың адамды құрады, оның ішінде 276 мың адам – ерлер және 303,5 мыңы әйелдер немесе сәйкесінше 47,6% және 52,4%.

30 жасқа дейінгі ерлердің санының тұрақты артуы байқалады, 36 жастан бастап әйелдердің саны арта бастады.

Тұрғындар үш ірі топқа бөлінеді: еңбекке қабілетті жастан кіші (0-15 жас), еңбекке қабілетті жас (ерлер 16-62 жас, әйелдер 16-57 жас), еңбекке қабілетті жастан асқандар (63-тен асқан ерлер, 58-ден асқан әйелдер). 2013 жылғы 1 қаңтарға еңбекке қабілетті жастан тұрғындар саны 121,5 мың адамды немесе жалпы тұрғындар санының 21%-ын құрады. Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардың жалпы тұрғындар санындағы үлес салмағы 63,6%-ды немесе 368,5 мың адамды құрады. Еңбекке қабілетті жастан асқандардың үлесі 15,4%-ды (89,5 мың адамды) құрады.

Жоғарыда көрсетілген топтардан басқа жас бойынша контингенттердің санын үстіміздегі жылдың басындағы жағдай бойынша төмендегідей бөлуге болады:

– шараналық жастағы тұлғалар саны (0-ден 1 жасқа дейін) – 8,6 мың адам;

– бөбекжайлық жастағы тұлғалар саны (1 жастан 3 жасқа дейін) – 17 мың адам;

– мектеп жасына дейінгі тұлғалар саны (3 жастан 6 жасқа дейін) – 25 мың адам;

– мектеп жасындағы тұлғалар саны (6 жастан 18 жасқа дейін) – 86 мың адам;

– жастардың саны (14 жастан 30 жасқа дейін) – 133,9 мың адам;

– әйелдердің бала тууға қабілетті жастағы саны (15 жастан 50 жасқа дейін) – 144,3 мың адам;

– ұзақ өмірсүрушілер саны (80 жас және жоғары) – 11,6 мың адам.

 Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp