«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ұялы телефон ұрлағандардың ізіне түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық полицейлер 18 маусымнан бастап “Ұялы телефон” республикалық жедел-алдын алу шарасын жалғастырды. Мақсат – ұялы телефонға қатысты қылмыстарды ашуды жандандыру.

Облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция капитаны Әсет Жүкеновтің айтуынша, аталмыш шараның алғашқы күнінде ұялы телефонға қатысты 5 қылмыс тіркеліп, ашылған. Сондай-ақ бұрын жасалған 4 қылмыс ашылса, оның екеуі өткен жылдың еншісіндегілер. Мәселен, “Ұялы телефон” республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында 2012 жылғы тамыз айындағы ұрлығы үшін Петропавл қаласының 22 жастағы тұрғыны анықталып, ол бүгінде Астана қаласындағы тергеу оқшаулағышына қамалды. Ұрланған зат тәркіленді.

Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімінің полицейлері үстіміздегі жылдың наурыз айында Пресновка ауылы тұрғынының үйінен ұрланған телефонға қатысты1955 жылы туған оның ауылдасын ұстады. Ұрланған зат тәркіленді. Күдікті ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп, тергеу жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp