«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-МАМЫРЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ және…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі, – 4,5%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,5%-ға, бөлшек сауда 25,9%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-мамырда облыстың өндірістік кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 55,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 71% алатын өңдеу өнеркәсібінде 39,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6,1%-ға артық болды.

 

2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда азық-түлік өндірісінің өсімі 4,7%-ға өсті. Өңделген сұйық сүт және кілегей өндіру – 79,3%-ға, ет және азықтық ет өнімдері – 53,2%-ға, үй құсының еті – 72%-ға, жаңа піскен нан өндірісі 3,6%-ға артқан.

Металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 2,3 есеге, жиһаз – 1,8 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдар – 1,3 есеге, химиялық өнімдер өндірісі 1,6 есеге артқан. Асүй жиһаздарын өндіру – 3,4 есеге, мұнай-газ өңдеу жабдықтары – 3,4 есеге, лактар мен бояулар – 59,4%-ға, ерлердің жұмыс киімі – 41,9%-ға, мұнай өндіру жабдықтарын өндіру 27,4%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 22,8 млрд. теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға 28,5 мың тонна өткізілген (2012 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 3,8%-ға артық), 148,4 мың тонна сиыр сүті сауылған (5,2%-ға), 178,9 млн. дана (17,2%-ға) тауық жұмыртқасы алынған.

Барлық меншік түрінің құрылыс-монтаждық ұйымдарының өз күшімен 3,6 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды (2012 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 12,4%-ға артық). 2013 жылғы қаңтар-мамырда жаңа 111 ғимараттың құрылысы аяқталды, олардың 104-і – тұрғын, 7-еуі – тұрғын емес мақсаттағы.

2013 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 20,3 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 17,6%-ға артық). Негізгі капиталға инвестиция көзінің 74,8%-ы шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаты болып табылады, қарыз қаражатына – 7,2%, бюджеттік қаражатқа 18% келеді. Ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 54,7%-ы), өнеркәсіп (11,5%), көлік және қоймалау (8,6%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (7,9%), ақпарат және байланысқа (7,8%) негізгі капиталға инвестиция салу бойынша басым салалар болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына 1546,6 млн. теңге жұмсалды (2012 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 1,8 есе артық). Облыс аумағында тұрғындар мен кәсіпорындар жалпы көлемі 11990 шаршы метр тұрғын үй салды (2012 жылғы қаңтар-мамырда 150,5%).

2013 жылғы қаңтар-мамырда тасымалдаушылардың барлық санаттары 18,5 млн. тонна жүк (2012 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 6,5%-ға артық) және 190,7 млн. жолаушы тасымалдады (2012 жылғы қаңтар-мамырда 100,2%).

2013 жылғы қаңтар-мамырдағы бөлшек сауда көлемі 36,4 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 25,9%-ға өсті, көтерме сауда – 110,7 млрд. теңгені құрады (15,8%-ға). Талданып отырған кезеңде қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 803,7 млн. теңгені (5,1% артық) құрады.

 

… ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ
ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы қаңтар-мамырда бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 70 092 теңгені құрады.

2013 жылғы 1 мамырға облыс тұрғындарының саны 578,6 мың адамды құрады, соның ішінде 240,2 мың адам (41,5%) – қалалық жерде, 338,4 мың адам (58,5%) ауылдық жерде тұрады. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы тұрғындарының 3,4%-ы тұрады.

2013 жылғы қаңтар-сәуірде жаңа туған 2736 сәби тіркеліп, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 1,2%-ға кем болды, 2645 шетінеу (2,6%-ға кем), 1190 некелесу, 639 ажырасу тіркелді.

2013 жылғы қаңтар-мамырда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 8,2%-ға өсіп, 70 092 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 9,6%-ға және 72 083 теңге сәйкесінше. Нақты жалақы сәйкесінше 1,3% және 2,6%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-мамырда 464,8 АҚШ долларын немесе 354,2 еуроны құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы жұмыскерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-мамырда 2012 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда – 13,1%-ға, өнеркәсіпте – 17,6%-ға, құрылыста – 12,9%-ға, көлік және қоймалауда – 9,7%-ға, ақпарат және байланыста 23,7%-ға өсті.

Өнеркәсіпте жалақы 69 148 теңгені құрады, құрылыста – 65 192 теңге, саудада – 58 028 теңге, көлік және қоймалауда – 102 208 теңге.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы мамыр айының соңына 1611 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5%-ды құрады. 2013 жылы қаңтар-мамырда 4400 адам еңбекпен қамтылды, бұл – өтініш білдіргендердің 92,5%-ы.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы мамырда 15 658 теңгені құрады және өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,2%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 9 395 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,9%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына –1,6%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 0,9%-ға, ақылы қызметтерге 3,2%-ға өсті.

2013 жылғы мамырда бағалардың кондитер өнімдеріне – 1,6%-ға, балық және теңіз өнімдеріне – 1,3%-ға, нан және жарма өнімдеріне – 0,6%-ға, жеміс және көкөністерге – 0,4%-ға, алкогольсіз сусындарға 0,1%-ға көтерілгені байқалған.

Бағалар жуу және тазалау құралдарына, тұрмыстық құралдарға – 0,4%-ға өсті, киім және аяқкиімге – 0,1%-ға.

Бағалар деңгейі демалыс, көңіл көтеру және мәдени қызметтерге – 3,4%-ға көтерілді, көлік қызметтеріне – 1,6%-ға, амбулаторлық қызметтерге – 0,9%-ға.

Облыстық Статистика департаменті. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp