«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗДІҢ ӨҢІР АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ӨЗГЕШЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше облыстық ардагерлер кеңесінің ІІІ пленумы болып өтті. Оған республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты. Пленумда кеңес төрағасы Ескендір Елеусізов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясында белгіленген мемлекеттің жаңа саяси бағытын жүзеге асыруға арналған облыс ардагерлері ұйымдарының міндеттері туралы баяндады.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ескендір Есмақұлы өз баяндамасында өңірдегі 729 бастауыш ұйым 90 мыңнан астам зейнеткерді біріктіріп отырғандығын, олар өз жұмысында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алатындығын атап айтты. Солтүстікқазақстандық ардагерлер елімізде атқарылып жатқан игілікті істерден шет қалып көрген емес. Бүгінгі күні 26905 зейнеткер әлі де өндірістен қол үзбей, өздерінің бай тәжірибелерін жастарға үйретіп келеді, олардың 865-і – білім беру, 541-і – денсаулық сақтау салаларында, 674-і – өнеркәсіп кәсіпорындарында, 371-і ауыл шаруашылығында еңбек етеді.

 

Ардагерлер ұйымы қарт адамдарды әлеуметтік жағынан қорғау мәселесіне жете көңіл аударуды өз жұмысының негізі санайды. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органдар тарапынан жасалып отырған қамқорлық аз емес. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері пәтермен қамтамасыз етілген, олар ай сайын тұрмыстық мұқтаждықтары үшін атаулы көмек, қоммуналдық және байланыс қызметтеріне жәрдемақы алады. Өткен жылы “Әлеуметтік такси” қызметін 4 мыңдай ардагер пайдаланды, 441 адам республикалық санаторийде емдеуден өтті.

Ескендір Елеусізов игілікті істермен бірге, шешімін күткен мәселелерге де тоқталды.Тыл еңбеккерлерінің зейнетақысы төмен, ардагерлерге медициналық қызмет көрсету жетілдіре түсуді қажет етеді.

Жарыссөзде мінбеге көтерілген Петропавл қалалық, М.Жұмабаев аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Григорий Кухарь мен Оралбай Сағындықов, “Память” қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Болат Сағындықов сынды ұйым мүшелері атқарылған жұмыстар жайын айта келіп, “Ардагерлер туралы” Заңның қабылданбай жатқанына қынжылыс білдірді.

Ал Өмірзақ Озғанбаев өз сөзінде екі күн бойы Жамбыл, Айыртау аудандық ардагерлер кеңестерінің жұмысымен жан-жақты танысқандығын, біздің өңір ардагерлер кеңестері төрағаларын жеңіл көлікпен қамтамасыз етіп отырған, “Ардагерлер үйін” пайдалануға берген бірден-бір облыс екендігін атап айтып, қоғамдық ұйымның атқарып жатқан қызметіне жоғары баға берді. Депутаттар және парламенттегі “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының фракциясы 10 жылдан бері құрғақ уәдеден әрі аспай келе жатқан “Ардагерлер туралы” Заң жобасын қабылдату туралы жұмыс жүргізіп жатқандығынан да хабардар етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp