«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫСТАР”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Құрылыс саласындағы өзекті мәселелер” тақырыбында өткен баспасөз мәслихатына Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ратмир Усманов, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Валерий Затай, Жер қатынастары басқармасының басшысы Есенгелді Кәрібаев, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш шарада БАҚ өкілдері тарапынан М.Жұмабаев, К.Сүтішев көшелеріндегі “сақалды” құрылыстар, Юбилейная көшесі, 9“б”, “в” үйлерінің апатты жағдайлары, көшелердегі жүргінші жолдарына тақау құрылыстар салу сияқты өзекті мәселелер көтерілді.  

Валерий Затайдың айтуына қарағанда, М.Жұмабаев көшесінде, нақтырақ айтқанда “Есіл” мейрамханасының қарсысында аяқталмай қалған құрылысты алматылық бір фирма 2005 жылы қолға алған көрінеді. Ол осыдан 5 жыл бұрын пайдалануға берілуге тиістін. Осы күнге дейін облыс әкімі Самат Ескендіровтің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниясына хат жолданған. Оның жерін сот арқылы қайтарып алу жағы қарастырылып жатыр. Ол соттың қашан басталып, қашан аяқталары белгісіз. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры қасында аяқсыз қалған 9 қабатты тұрғын үйлердің тағдыры да алғашқыға ұқсас. Оны да алматылық құрылыс компаниясы жүргізген. Мекенжайы да бірдей.

Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ратмир Усманов Юбилейная, мекенжайындағы ғимараттарға Қарағанды техникалық университетінің мамандары сараптама жүргізіп жатқандығын, оның жарамды-жарамсыздығы шілде айының соңына қарай белгілі болатындығын сөз етті.

Оның айтуынша, “Береке” ықшамауданында 13 тұрғын үйдің және Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл көпқабатты 3 тұрғын үй пайдалануға берілмек, келесі жылы 8 үйді іске қосу жоспарланған.

Брифингте аталмыш құрылыс орындарына материалдар 5-ші Сенная база көшесі арқылы тасымалданатындығы, жергілікті тұрғындар көтерме жолдың шаңынан көз аша алмай отырғандығы, 30-50 тонналық жүк машиналарын басқа жолмен жүргізу ойластырылмағандығы да сөз болды.

Петропавлда құрылысқа жер бөлу “көз қысты, бармақ басты” арқылы да жүргізіліп, жүргінші жолдарына жақын жерлерге нысандар салып, облыс орталығының сәулетіне нұқсан келтіріліп жатқандығына тілшілер тарапынан нақты мысалдар келтірілді. Валерий Затай облыс орталығында жаңа ғимараттар мен нысандар қаланың Бас жоспарына сәйкес, сән берерліктей етіп салынып жатыр деп ақталуға тырысты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp