«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙДЫНДА АБАЙ БОЛМАҒАНДЫҚТАН, былтыр – 50 адам, ал биыл қазірдің өзінде 16 кісі суға кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шомылу маусымы басталғалы суға кеткендер санын азайту өзекті мәселе болып отыр. 2012 жылы өңіріміздің 50 тұрғынының ажалы судан келген. Оның 15-і – петропавлдықтар. Ал Қызылжар ауданының 10 тұрғыны суға батып қаза тапса, оның алтауының мәйіті Есіл өзенінен шығарылды. Сондай-ақ өзеннің ағысына іліккен Шал ақын ауданының 4 тұрғыны, Есіл, Тайынша және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандардың екі-екіден адамдары бақилық болды. Ал көлдерде Айыртау мен Есіл аудандарының үш тұрғыны, Мамлют, Қызылжар мен Шал ақын аудандарының бір-бірден адамы өмірмен қоштасқан. Олардың арасында алкогольдік ішімдікке тойып алып, ажал құшқан екі адам бар.

 

Биылдың өзінде суда 16 адамның өлімі тіркелді. Бұл оқиғалардың басым бөлігі балық аулау кезінде орын алған. Жыл сайын суға кеткендер саны артып, ал олардың өліміне себепші болған жағдайлар өзгеріссіз қалуда. Қайғылы оқиғалар суға шомылуға және демалуға арналмаған жерлерді таңдаудан, олардың қол астында құтқару құралдарының болмауынан, алкогольдік ішімдік ішіп, суға түсуден; балық аулау кезінде көлік инспекциясының рұқсаты жоқ қайықтарды пайдаланудан және ол қайық құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықталмаудан, балықшылардың балық аулау кезінде ішімдікке көп көңіл бөлетінінен, балаларын қараусыз қалдыратын ата-аналардың жауапсыздық әрекеттерінен, су айдындарын пайдаланушылар су маңына келетін адамдардың қауіпсіздігі үшін жағалауды құтқару қосындарымен, құтқару құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етпеуінен, атқарушы органдардың су айдындарын бақылау жұмыстарында салдыр-салақтық байқа-туынан болады.

Сондықтан тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтағаны абзал. Су басына барған кезде адамның қол астында құтқару құрал-жабдықтары, дәлірек айтсақ, кеудешелер мен дөңгелектер болмаса, ол өз басын үлкен қауіпке тігеді. Жақсы жүзе білетін адамның өзі кездейсоқтықта өміріне төнген қауіпке төтеп бере алмай қалады. Ең бастысы – су айдындарында алкогольдік ішімдікті пайдаланбаған жөн. Мастықтың ақыры немен тынатынына талай куә болып жүрміз. Сөз соңында жоғарыда айтылған деректерге сүйеніп, судан ажалын тапқан адамдардың тағдырын қайталамас үшін өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қараңыз дегіміз келеді.

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp