Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
“Солтүстік Қазақстан”.
Табиғи ресурстарды үнемдеудің, сондай-ақ монополиялық субъектілердің көрсететін қызметтеріне төлемді азайтудың бір жолы – коммуналдық тұтыну қызметтеріне есептегіш құралдар орнату. Бүгінде Петропавл қаласындағы көпқабатты 1004 тұрғын үйдің 170-і ғана жылу энергиясына ортақ есептегіш құралдар орнатқан. Осы мәселе төңірегінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті БАҚ қызметкерлерімен бірге тур ұйымдастырып, Петропавл қаласының Сүтішев пен Абай көшелерінде орналасқан екі көпқабатты үйдің пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен кездесті.
Сүтішев көшесіндегі 49-үйдің ПИК төрағасының айтуынша, олар өткен жылдың күзінде жылуға ортақ есептегіш құралын орнатып, биылғы жылыту маусымында оны сынақтан өткізген.
– Нәтижесі қуантарлық. Коммуналдық төлем алдыңғы жылға қарағанда әлдеқайда төмен. Мен өзім тұратын төрт бөлмелі пәтердің ең жоғары төлемі қаңтар айында 6 мың теңге болды. Ал несие арқылы алған есептегіш құралының құнын төлеп бітіп те қалдық. Пәтерлерге ауа райына қарай жылуды реттеп беріп отырдық. Есептегіш құралы өте тиімді, – дейді “Кәрім” ПИК-тің төрағасы Борис Власов.
Департамент басшысының орынбасары Нелли Бабакехянның айтуынша, биылғы жылыту маусымын қорытындылаған кезде аталмыш тұрғын үй жылытылған әр шаршы метр үшін – 53,16 теңге, ыстық су үшін 424,29 теңге төлеген. Ал есептегіш құралдары жоқ үйлердің жылу үшін төлейтін орташа тарифі – 81,27 теңге. Яғни, есептегіш құралы бар тұрғын үй өз төлемін 35 пайызға қысқартты. Абай көшесіндегі 47-ші тұрғын үй де жылытылған әр шаршы метр үшін – 56,93 теңге, ыстық суға 420,26 теңге төледі. Қала бойынша жылыту маусымындағы ең төменгі көрсеткіш Брусиловский көшесіндегі 49-шы үйге тиесілі. Бұл тұрғын үй ортақ есептегіш құрал арқылы 1 шаршы метрге 28,29 теңге ғана төлеген.