«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР СУ ҚОЙМАЛАРЫНДА 16 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың суға түсу маусымы басталғалы бері республика бойынша су айдындарында балық аулау мен шомылу кезінде жеке бас қауіпсіздігіне мән бермей, судың құрбаны болғандардың қатары күн санап өсуде. Тек соңғы демалыс күндері республика бойынша 10 адам су түбіне кетсе, олардың 3-еуі – солтүстікқазақстандықтар.

Өткен сенбі күні Жамбыл ауданының Қайранкөл ауылының 44 жастағы тұрғыны суға шомыламын деп көз жұмды. Ал сол күні кешке Сергеевка су қоймасынан 3 шақырым жердегі Есілдің түбінен Шал ақын ауданының 1968 жылғы тұрғынының мүрдесін жергілікті құтқарушылар жағаға шығарды. Демалыстың екінші күні де қайғылы оқиға тіркелді. Тайынша ауданының Горькое елді мекенінің 19 жастағы тұрғыны қа заншұңқырға шомыламын деп суға батты.

Ал дүйсенбі күні құтқарушылар мен сүңгуірлер Аққайың ауданы Дайындық ауылының жанындағы қазаншұңқырдан 1984 жылы туған келіншек пен Есіл бойындағы Петропавлдық гидротораптың маңында суға түскен 1974 жылғы азаматтың мүрдесін судан алып шықты. 
Биыл суға түсу маусымы басталғаннан бері облыстың су қоймаларында қайғылы қазаға ұшырағандар саны 16 адамға жетті. Суға батып кеткендердің басым бөлігі – жеке бас қауіпсіздігін сақтамағандар.
Жергілікті құтқарушылар бір жексенбінің өзінде 1981-1991 жылдары туған 11 демалушыны өлім аузынан аман алып қалды. 

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp