«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКТЕРЕКТІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктерек – жай ғана орман көркі, табиғат ажары емес. Ол – пайдалы қасиеттері бар ағаш. 

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ,
дәрігер-терапевт.

Оның емдік қасиеттерін адамдар ерте заманда-ақ танып, білген екен. Қазірде халық медицинасында көктерек қабығын пайдаланады. Оның жас өскіндерінің жапырақтарынан дәрі жасайды. Әсіресе, ревматизм дертіне шалдыққанда, сондай-ақ жөтеліп ауырғанда бұл – нағыз тиімді ем. Ол үшін жас өскіннің бүрін, жапырағын, қабығын қайнатып, тұнбасын пайдаланады. Бірақ көктеректің емдік күш-қуаты мұнымен шектелмейді. Оны буын ауруын, дизентерияны, кеңірдек-тыныс жолдары сырқатын емдегенде ең тиімді дәрінің бірі деп бағалайды.


Көктеректен жараны, күйікті емдеу үшін дәрі жасайды. Оның қабығын, бүршіктерін, жапырақтарын қайнатып, тұнбасын алып ішеді. Ал ревматизмді, жарақатты, күйікті емдеу үшін одан май жасайды. Ол үшін қабығын қайнатып, қой майын қосады. 
Көктеректі қолға түсіру аса қиындық тудырмайды. Олар тұрмыста жиі қолданылады. Ендеше, бұлардың емдік сырын біліп, оны тиімді пайдалана алсақ, денсаулығымызға пайдасын берері анық.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp