«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚШАМДА АУЫЗ АСҚА ТИІП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мың айдан қайырлы, жыл бойына асыға күткен қасиетті Рамазан айының құрметіне “Қызылжар” орталық мешітінде ауызашар берілді. Оған өңірдің зиялы қауымы, ардагерлер мен ақ жаулықты әжелер, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері, мешіт жамағаты қатысты.

Ауызашарды ашқан ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы келген қонақтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Рамазан айымен арнайы құттықтауын жеткізіп, ислам дінінің бес парызы – оразаның қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтып, Рамазан айының келуімен құттықтады.

Ауызашар барысында қадірлі меймандар сөз алып, орталық мешітте жасалып жатқан игі істердің бастамашысы болып жүрген бас имамға жылы лебіздерін айтып, асыл дініміз – исламның кең қанат жаюына тілектерін білдірді. Тиісінше ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ислам дінінің қанат жаюына ықпал етіп, демеушілік көмек көрсетіп келген кәсіпкерлерді мешіт атынан Алғыс хатпен марапаттады. Іс-шара соңында Түркия елінен арнайы келген қари Құран аяттарын оқып, дұға тіледі.

“Қызылжар” орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp