«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІС ЕСЕБІ – 3:0

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жергілікті “Қызыл-Жар СК” ФК құрамасы Алматының “ЦСКА”-сын өз алаңында қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынды солтүстікқазақстандықтармен бірге облыс әкімі Самат Ескендіров те тамашалады.

Нөсерлете жауған жаңбырға қарамастан, алаңға шыққан футболшыларға күннің күркіреп, найзағайдың ойнауы кедергі бола алмады. Ала допты домалата жөнелген ойыншылар жанкүйерлеріне жақсы ойын үлгісін көрсетіп, ұпай жинауға тырысты. Ауа райының қолайсыздығы болар, бірінші таймда екі қақпаға да доп дарымады. Тек ойынның екінші бөлігінде жергілікті былғары доп шеберлері қарсыластар қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.

Осыдан кейін қонақтар шабуылды жиілете түсіп, есепті теңестіруге тырысқандарымен, еш нәтиже шығара алмады. Ал “Қызыл-Жар СК” футбол командасының ойыншылары қарқынды еселей түсті. Олар қарсыластарының қақпасына тағы екі доп кіргізіп, ойын есебін 3:0-ге жеткізді.

(Өз тілшімізден.)

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp