«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕПІЛЗАТ МӘСЕЛЕСІН “ДАМУДЫҢ” КЕПІЛДЕМЕСІ ШЕШЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

“Даму” қорының қаржылық емес қолдау жөніндегі бас менеджері.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша тағы бес солтүстікқазақстандық кәсіпкер “Даму” қорының кепілдемесін алды.  

Жеке кәсіпкер Дәулет Амангелдиев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда астықты қоймада ұстаумен және сақтаумен айналысады. Ол өз ісін кеңейте түсу үшін қосымша жалпы 3 мың тонна астық сыйымдылығы бар 3 түрік силосын, 3 тізбекті транспортер, ұралар, тазарту жүйесі мен астық кептіргіш сатып алуды ұйғарыпты. Алайда, “Цесна банктен” кредит алу үшін кепілзаттары жеткіліксіз әрі кредит бойынша пайызы да жоғары болып шықты. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына қатысуға өтініш берген және мақұлдауын алған Дәулет банктің сыйақы ставкасын арзандата отырып, “Даму” қорының сомасы 40 миллион теңгенің 50 пайыздық кепілдемесін алды.

Сол сияқты “Даму” қоры арқылы мемлекеттің осындай қолдауын пайдаланып қалуға “Баларман” ЖШС-нің басшысы Раушан Ілиясова да белсене кірісті. “Баларман” ЖШС-і Петропавл қаласында балаларға мектепке дейінгі білім беру, тәрбие жұмыстарымен айналысады. “Темірбанк” АҚ-ның кредиттік қаржысына Раушан Ілиясова қазірде жалға алып отырған тұрғын емес қонысжайды онда мектепке дейінгі шағын орталық ұйымдастыру үшін өзінің жекеменшігіне сатып алуды көздейді. Аталмыш қонысжайды шағын орталыққа лайықтап қайта құруды және оған қажетті шаруашылық құрал-жабдықтарын сатып алуды өз қаржысы есебінен жүргізуді жоспарлап отыр. Жуырда “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында аталмыш жоба да кепілдеме алуға мақұлдау тапты, енді оның банк алдындағы кепілзат жетімсіздігін “Даму” қорының сомасы 25,9 миллион теңге 50 пайыздық кепілдемесі жабатын болады.  

Жеке кәсіпкер Анастасия Омарованың жобасы өзінің эстетикалығымен және әдемілігімен ерекшеленеді, өйткені ол гүл өсірумен айналысады. Аталмыш жобаның мақсаты гүлдер мен әшекейлеу өсімдіктерін өсіру жөніндегі жылыжай-тәлімбақ кешендерін ұйымдастыруды инвестициялау болып табылады. Анастасия – кәсіпкерлік ісін жаңа қолға алғандардың бірі, былайша айтқанда, бизнес “әліппесін” енді игеруде. Өзі сияқтыларға арнайы мемлекеттік қолдау шараларының жасалғаны жөн деп біледі. “Даму” қорының кепілдігімен жаңа бастаған кәсіпкерлердің мәредегі бизнесін кредиттеу үшін “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында жасалған “БанкЦентрКредит” АҚ-ның “Damu Start Up” банкілік өнімі осындай қолдау шарасы болып табылады. “Damu Start Up” шарттары бойынша Анастасия Омарова “Даму” қорының кеңсесінде “Бизнес-Кеңесші” жобасы бойынша тестілеуден табысты өтті, алған кредиті сомасының 36 пайызы көлемінде “БанкЦентрКредит” АҚ-да депозит ашты және “Даму” қорының 70 пайыздық кепілдемесін алып, аталмыш бағдарламаның қатысушысы болып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp