«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБЕРЛІК СЫНАҒЫНДА СҮРІНБЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейдің Нижний Новгород қаласында немістің “КНАУФ” академиясының ұйымдастыруымен ІІ Халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Ол құрылыс саласындағы кәсіптік білім беру мәселелеріне арналды. Конкурсқа Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіптік-педагогикалық колледждің студенттері қатысып, жүлдемен оралды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Конкурсқа ТМД елдерінен Беларусь, Молдавия, Әзірбайжан, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан Республикалары мен Ресей Федерациясының 15 аумағынан үміткерлер қатысқан. Қазақстаннан Астана қаласының политехникалық, Алматы қаласының құрылыс және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледждерінің оқушылары бақ сынады.

Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде теориялық білімдері сыналып, ол бойынша біздің облыстан барған өкілдер 2-орын алса, екінші кезеңде тәжірибелік біліктіліктерін көрсеткендері үшін 3-орынға ие болған. Жалпыкомандалық есеп бойынша 3-орынды иеленген. Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің “Құрылыс өндірісі” мамандығының оқушылары Анастасия Янина мен Александр Седешов “Стандарттық емес шешім” аталымы бойынша дипломға ие болды. Одан басқа Анастасия Янина “КНАУФ конкурсының аруы” дипломымен марапатталды.
 – Бұған дейін біздің оқушылар ТМД елдерінің арасында өткен Орталық Азия конкурсында жеңімпаз атанып, Нижний Новгород қаласындағы қорытынды кезеңге жолдама алған болатын. Олар өз білімдерін тиісті деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде Анастасия Янина құрылыс саласы бойынша Новосібір сәулет-құрылыс университетінде оқуын жалғастыратын болды. Компанияның бас директоры Я.Краулис Анастасияға өзі таңдаған мамандығы бойынша Ресейдің кез келген жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға грант тапсырды, – дейді Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің директоры Жеңіс Әбілмәжінов.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp