«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР СПАРТАКИАДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі жазғы спартакиада Мамандандырылған арнайы күзет қызметі басқармасы полицейлерінің жеңісімен тамамдалды.  

Жарысқа өңіріміздің құқық қорғау органдарының 20 құрамасы қатысты. Барлық ойындар өте тартысты өтті. Спартакиада негізінен үш бөлімнен тұрды, біріншісінде спортшылар Президенттік шақырым бойынша сынға түссе, келесісінде олар гір тасын көтеруден мықтыны анықтады. Соңғы шешуші кезеңде шағын футболдан сайыс өткізілді. Ақтық сынға Қаржы полициясы департаменті, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті, Жол полициясы басқармасы мен Мамандандырылған арнайы күзет басқармасының құрамалары шықты. Оның қорытындысы бойынша 5:2 есебімен Қаржы полициясы департаменті жеңімпаз атанды. Үшінші орынды Жол полициясы басқармасының спортшылары иемденді.

Дәстүрлі жазғы спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп бойынша Мамандандырылған арнайы күзет басқармасының полицейлері үздік деп танылды. Екінші орынды Петропавл Әскери институты женіп алды. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің департаменті үшінші орынды қанағат тұтты. Жүлделі орындарға ие болған құрамаларға Алғыс хаттар, кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp