«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МОТОЦИКЛШІЛЕР мен КОРТЕЖДЕР – жол полицейлері назарында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың жол полицейлері мотоциклшілердің арасында жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау мақсатында рейд жүргізді. Бұған қоса үйлену тойы кортеждерінің жолда жүру тәртібі тексерілді. 

Рейдтің бір күні ішінде үш мотоциклші әкімшілік жауапқа тартылды. Солардың бірі облыс орталығының көшелерінде орналасқан бақылау бейнекамераларының назарына түспес үшін көлік нөмірін теріс іліп қойған. Сөйтіп, жол ережелерін бұзғанын жасырмақ болған. Ал жылдам жүруге әуесқой екінші ер адамды тоқтатқан кезде оның мотоциклге құжаты болмай шыққан. Жалпы алғанда, мотоциклшілер мен үйлену тойы кортеждерінің тарапынан өрескел тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp