«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙДЫНДАҒЫ АЖАЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста суға шомылу маусымы басталғалы 22 адам су құрбаны болса, оның үшеуі – балалар. Қайғылы жағдайға көбінесе демалушылардың сақтық ережелерін сақтамауы себеп болуда.

Тимирязев ауданындағы Комсомольское ауылының маңындағы қазаншұңқырға түсуге барған 41 жастағы солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Марқұмның мәйітін жағаға жергілікті құтқарушылар алып шықты.
Сүңгуірші құтқарушылар өткен аптаның өзінде ғана 11 азаматты өлім аузынан арашалап қалған. Сондай-ақ олар Петропавлдың 20-шы шағынауданында 35 жастағы ер адам мен оның 10 жасар баласын құтқарды. Сонымен қатар, Былғары зауыты ауданында Есіл өзенінің арғы жағасына жүзіп өтпекші болған 20 жастағы жігітке де дер кезінде көмек көрсетілді. Терең суда шомылып жүрген тағы екі жігіттің сіңірлері тартылып, су түбіне кете жаздағанымен, уақытында көмекке жеткен құтқарушылар оларды өлім аузынан аман алып қалды.
Жыл басынан бері 55 адам құтқарылған. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауды, терең және ағысы қатты қауіпті жерлерде суға түспеуді ескертеді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp