«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жерлес боксшының жеңісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов кәсіби бокста кезекті жеңіске қол жеткізді, деп хабарлады “ҚазАқпарат” агенттігі.
Бұл жолы жерлесіміз украиндық Юрий Воронинді тізе бүктірді. Минск қаласында өткен жекпе-жек 8-раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Жанат Жақияновты танымал британдық былғары қолғап шебері Рикки Хаттон жаттықтырады. Бұдан бұрын ол қазақстандық спортшының қарым-қабілетінің аса жоғары екендігін, тіпті, жақын арада чемпиондық атақ үшін жекпе-жекке шығуы ықтималдығын атап өткен еді.
Айта кетер жайт, жерлесіміз 28 маусым күні Белфастта рингке шыққан болатын. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі Жанат Жақиянов онда Никарагуадан келген Мишель Эскобарды айқын басымдықпен жеңген болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp