«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ” ПОРТАЛЫ уақытыңызды үнемдейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Әділет департаментінің аумақтық органдарында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында “Аты-жөні мен тегін ауыстыруды тіркеу, соның ішінде азаматтық жағдай актілерінің жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу” қызметі көрсетіледі. Алыс орналасқан елді мекендер тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тіркеуге өтініш беру Жедел орталықтар арқылы жүзеге асырылады. Бұдан басқа аталмыш қызметті мемлекеттік қызмет түрін алушыда электрондық-сандық қолтаңба болған жағдайда www.egov.kz “Электрондық үкімет” порталы арқылы алуға болады. Сондай-ақ Сall-орталықтың 1414 телефон нөміріне қоңырау шалып, қосымша ақпаратқа ие бола аласыз.
***
Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтаманы алудың енді еш қиындығы жоқ. Бұл анықтаманы “Электронды үкімет” порталынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Ол үшін www.egov.kz порталында тіркеліп, электрондық-сандық қолтаңба алу қажет. Сонымен қатар заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін білу керек. Бұл қызмет түрі www.egov.kz порталында “Бизнесті тіркеу және оның дамуы” айдарымен “Бизнесті тіркеу” бөлімінде көрсетіледі.
“Электрондық үкімет” порталы туралы ақпаратты 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Сall-орталықтан алуға болады. Қазақстанның барлық өңірлерінде ұялы және қала телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp