«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ӘКІМ ЛАУАЗЫМЫНА – 3 ҮМІТКЕРДЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Республиканың барлық өңірлерінде Қазақстанның аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдары әкімдігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті. “Республика бойынша 7162 кандидат ұсынылды. Атап айтқанда, бір әкім лауазымына орташа есеппен 3 үміткерден келіп отыр”, – деді ол.
Ұсынылған кандидаттардың 17,3 пайызы – ауыл шаруашылығы саласының мамандары, 15,5 пайызы – экономистер, 12,8 пайызы – инженерлер, 9,7 пайызы – заңгерлер. Сонымен қатар 25,3 пайызы – қазіргі әкімдер, 61,9 пайызы – мемлекеттік мекемеде, ұйымдарда және кәсіпорындарда жұмыс істейді, сондай-ақ 4,2 пайызы мемлекеттік емес саланың қызметкері болып табылады.
Әкімдікке кандидаттардан қажетті құжаттарды алғаннан кейін сайлау комиссиялары үміткерлердің ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімдерді сайлау қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады. “Осы уақытқа дейін 329 кандидат тіркелді. Тіркеу рәсімі еліміздің барлық облыстарында дауыс беру күніне 15 күн қалғанда аяқталады”, – деді баспасөз хатшысы.
Ұсынылған кандидаттар құрамында 33 ұлт өкілі бар. Олардың 75,6 пайызы – ерлер, ал 24,4 пайызы – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы 44,4-ті құрады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp