«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОРЫШЫҢ БОЛСА, ШЕТЕЛГЕ БАРА АЛМАЙСЫҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңының 33-бабына сәйкес, сот орындаушысы өндіріп алушының өтініші бойынша борышкердің белгіленген мерзімде себепсіз талаптарды орындамаған жағдайында оның Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінде ел аумағынан шығармау жөнінен 1688 құжат әзірленді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 240 шектеуге көп. Атқарушылық құжаттар бойынша берешекті жабу негізінде 146-сы күшін жойды. 265 адам сот қаулысы шыққанымен, ел аумағынан шығып кетуге тырыспақ болған.

2013 жылдың алты айында ең көп тыйым салу Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің сот үкімдерін орындау және мемлекет табысына мүлікті талап ету жөніндегі бөлім филиалы тарапынан тіркелді (532).

Қазір демалыс маусымы болғандықтан, сыртқа шыққысы келген борышкерлерді анықтау жөнінен жұмыс тиімді жүргізілуде.

СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp