«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮДЖЕТКЕ ТҮСПЕГЕН қаржы жартылай қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Салық және экологиялық заңдылық талаптарын сақтауға орай Жамбыл орталық аудандық ауруханасында тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде экологиялық заң бұзушылық, қоршаған ортаны ластау фактілері мен бюджетке эмиссия түріндегі қаражаттың түспегендігі анықталды.

Аудандық аурухананың 2010 жылдан 2012 жылға дейінгі мерзімге күл және күл тәріздес қоқыстарды пайдалану және өндіріс қоқыстарын сақтауға рұқсаты жоқтығы белгілі болды. Салық кодексінің 495-бабының 10-тармағына сәйкес қоршаған ортаның эмиссиясы нормативтері 10 есе ұлғаяды. Аудандық Салық басқармасы белгілеген есеп анықтамасының негізінде қоршаған ортаға эмиссияның төлем көлемі Жамбыл орталық аудандық ауруханасында 2012 жылға – 2 071 347 теңге, дәрігерлік амбулатория мен Благовещенка орталық ауруханасында 2010 жылға – 368 326 теңге, 2011-де – 1 402 639 теңге, 2012-де 1 661 797 теңге деп белгіленген. Бюджетке эмиссияға төлем түрінде түспеген қаржының жалпы сомасы 5 504 109 теңгені құрады. Оны өтеу және аталмыш заң бұзушылықты жою жөнінде орталық аудандық аурухана басшысының атына ұсыным енгізілді.

2013 жылдың 27 маусымында аурухана аталған соманың жартысын жапты. Қалған соманы өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp