«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ТІРЕГІНЕ ТЕҢЕП ЖҮРМІЗ, ендеше ертеңімізге бейжай қарамауға тиіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Томирис” гендерлік білім орталығы мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының ғимаратында жастардың қатысуымен “дөңгелек үстел” болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік мәселелері қозғалды.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жиын облыс орталығының әлеуметтік белсенді ұл-қыздарының басын біріктірді. Алдымен олар Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын талқылады. Әр адамның жеке жауапкершілігі тақырыбын қозғаған студент Ұлпан Қабиеваның айтуынша, жастар аталмыш құжаттағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда белсенділік танытулары тиіс. “Мемлекет бізге жағдай жасауы тиіс деген ұғымнан арылатын уақыт жетті. Біз мемлекетті тек әлеуметтік серіктес ретінде қарастыруымыз керек. Өзіміз еліміздің гүлденуіне тікелей атсалысып, болашағымызды қалыптастыруға тиіспіз, әркім өзінің жақсы тұрмысы үшін тырысуы керек”, – деді ол. Сөйтіп, жастарды елді дамытуға қатысты ортақ іске жұмылуға шақырды.  

Ұйымдастырушылардың пікірінше, оқу орындарында жастардың көшбасшылық қырын, шешендік өнерін, логикалық ой-қабілетін дамытуға қажетті деңгейде көңіл бөлінбейді. Сол себепті олар осындай “дөңгелек үстелдер” ұйымдастырып, жас ұрпақ өкілдерінің өз позицияларын білдіріп, жоспарларымен бөлісуі мақсатында жұмыс жүргізіп келеді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp