Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі филиалының сот орындаушылары, алименттер өндіріп алу жөніндегі атқарушылық құжаттарды орындау бойынша азаматтарға кеңес берді, алимент төлемегені үшін жауапкершілік туралы ақпараты бар парақшалар таратты, БАҚ қызметшілерінің қатысуымен азаматтар арасында сауалнама жүргізді.
“Ашық шекара” акциясы аясында сот орындаушылар борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде 2 материал мен 9 әкімшілік хаттаманы сотқа жолдады. Республика аумағынан шығуға тыйым салуға 37 қаулы шығарылды, 97 борышкердің жұмысқа орналасқаны анықталды. Осыған орай кәсіпорындардың бухгалтерияларына олардың жалақысынан алимент өндіріп алу туралы қаулы шығарылды.
Аталған акцияның мақсаты – алименттер төлемі бойынша қалыптасқан жағдайға ықпал ету. Петропавл қаласында алимент төлемі бойынша борыш аз емес, жалпы берешек 100 млн. теңгеден астам.
Кеңес алуға 11 адам жүгінді, олардың 7-еуі алименттерін өндіріп алу мәселесіне қатысты.
Алиментін ерікті түрде төлеп жүрген әкелердің бірі телеарнадан берген сұхбатында: “Өз балаңа көмектесу керек, олар ата-анасының ажырасуынан ешбір қиындық көрмеуі қажет”, – деп санайтынын айтты.
Солтүстік Қазақстан облысы
Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.