«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірімізде төтенше жағдайлар азайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат БАЯНДИН,

СҚО ТЖ департаментінің ақпараттық-анықтамалық

жұмыс бөлімінің бастығы.

Үстіміздегі жылдың өткен 6 айында өңірімізде 408 (2012 жылы – 606) төтенше жағдай тіркеліп, оның 378 оқиғасы техногендік сипатта болса, 30-ы – табиғи өрт. Аталмыш төтенше жағдайларда 79 адам (2012 жылы – 190) зардап шегіп, оның 58-і (2012 жылы – 66) өмірімен қоштасты. Ал келген материалдық шығын – 170 миллион теңге (2012 жылы – 320 млн. теңгеден астам).  

Техногендік төтенше жағдайларда 60 адам зардап шексе, оның 38-і қаза тапты. Тіркелген техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың 354-і (2012 жылы – 480) өндірістік және тұрмыстық өрт болып, онда 55 адам жапа шекті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 адамға көп. Өрт жапа шегушілердің 28-нің өмірін жалмады. Оның 5-еуі – бала.

Осы уақытты өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ, өрт оқиғалары – 26 пайызға, одан келетін материалдық шығын 46 пайызға төмендесе, көз жұмғандардың қатары 17 пайызға артқан.  

Шал ақын ауданында – 6, Қызылжар ауданында – 3, Ақжар мен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 2 өрт оқиғалары орын алды.

Өрттің шығу себептері – пештерді пайдаланарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан – 26 пайыз, электр жабдықтарын орнатқанда монтаждық және техникалық ережелерді бұзу – 25, отты абайсыз қолдану – 22 пайыз. Өрт оқиғалары негізі жекеменшік секторларда жиі орын алады. Өткен 6 айда жекеменшік секторда 286 өрт оқиғасы тіркеліп, келген материалдық шығын 100 миллион теңгені құрады.

Көліктерден де оттың тұтануына байланысты 33 төтенше жағдай орын алып, келген материалдық шығын көлемі – 9 миллион теңге.

Темір жолда 2 апат орын алып, 3 адам қаза тапты.

Жыл басынан бері аса қауіпті инфекция мен аурулардың анықталуы да орын алды. Өңірімізде мұндай 3 факті (құтырған түлкі) тіркелді. Сондай-ақ 31 облыс тұрғынын кене шақты.

Облыс аумағында 2013 жылдың І жартыжылдығында суда болған оқиғалар барысында 19 (2012 жылы – 18) адам жапа шекті. Үстіміздегі жылы төтенше жағдайдың бұл түрі 10 пайызға өсіп отыр.

2013 жылдың соңғы 6 айында тіркелген төтенше жағдайлар саны өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp