Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
“Солтүстік Қазақстан”.
Шал ақын ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Марат Мұсариановқа қатысты сот үкімі шықты.
Бұрынғы шенеунік аудандық соттың 2005 жылғы 4 шілдедегі шешімімен коммуналдық меншікке өткен Ступинка ауылындағы Мәдениет үйінің ғимаратын жеке тұлғаларға сатып жібергені үшін айыпталған болатын. Осындай жемқорлық әрекеті үшін облыстық сот Марат Мұсариановты үш жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.
Қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Бұған қоса Мұсарианов үш жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды.