Қарлығаш БАЙҒОЖА,
облыстық ТЖД “ӨСж/еАҚЖҚ” ММ бас маман-психологі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлері – балалар лагерьлерінің жиі қонақтары. Жуырда “Золотая осень” лагерінде “Қауіпсіз жазғы демалыс” атты тақырыптық күн өткізілді. Бұл шара барысында балаларға қауіпсіздік туралы кеңестер беріліп, конкурстар мен жарыстар ұйымдастырылды.
Ойын түрінде өткізілген іс-шаралардың арқасында балалар судағы мінез-құлық туралы, орманда өзін қалай ұстау керектігін, үйде өртке қарсы сақтық ережелері жайлы білетін болады. Балалар шараға белсенді қатысты және төтенше жағдайларға тап бола қалса, қалай әрекет ететіндігі жайында айтып берді. Мекеменің баспасөз қызметкері Амангелді Әуесханов оқушыларға азын-аулақ викторина ұсынды. Өрт сөндіру қызметкерлерін қалай көмекке шақыру керек екендігін, сиреналардың дыбысы шыққанда өзін-өзі қалай ұстау қажеттігі және тағы басқа сұрақтар қойылды. Белсенді балаларға сыйлықтар тапсырылды. Лагерь әкімшілігі іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлері демалушыларға қауіпсіз демалыс тілеп, іс-шараны балаларға судан шашылған шартты жаңбырмен аяқтады.