Жазғы демалыс мезгілі басталысымен, біздің көптеген отандастарымыз шекарадан тыс жерлерге сапар шегуде. Кедендік шекараны өту кезінде қиындықтарға тап болмау үшін кеден қызметінің сарапшылары өткізу нормасына, яғни белгіленген ережені бұзбай нені және қанша көлемде шекара арқылы өткізуге болатыны туралы түсінік береді.
Кеден одағының аумағында кедендік шекара арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларын өткізуінің бірыңғай тәртібі қолданылады. Оларға сәйкес әуе көлігімен өткізудің алымсыз нормасы 10 000 еуроны құрайды және салмағы 50 килограммнан артық болмау керек. Егер де сіз жер бетіндегі көлікпен немесе жаяу өткен жағдайда, тауардың бағасы 1500 еуродан және салмағы 50 килограммнан аспаса, төлемдерді төлемей-ақ өткізе аласыз. Бұл жерде жол жүргенде немесе тұрмысқа қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар жөнінде айтылып отыр.
Ақша құралдарына қатысты қолма-қол соманы (ол жол чектері болу мүмкін) егер де оның баламасы 10 000 АҚШ доллардан аспаса, декларациялау қажет емес. Ал бағалы қағаздардың және вексельдердің иелері үшін олардың номиналды құнына байланыссыз жазбаша декларациялау рәсімі міндетті болып табылады.
Қолма-қол ақша қаражатының және ақша құралдарының шығу ресмилігін растау керек емес. Осы ережелерді орындау сізді әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен сақтайды.
18 жасқа толған жеке тұлға үшін спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын еркін өткізу үшін ережелер белгіленген. Сіз 3 литр алкогольді ішімдіктерді (сыраны қоса алғанда), өткізуге құқығыңыз бар. Бір жеке тұлғаға 200 сигарета немесе 50 сигара (сигарилла) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортиментін өткізу рұқсат етілген.
Төлемдерді төлемей сіз сондай-ақ кедендік құны 25000 АҚШ долларынан аспайтын асыл металдар және асыл тастарды, балық және теңіз өнімдері (бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығынан басқа) саны 5 кг көп емес, бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы, салмағы 250 грамнан көп емес; жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының кәдімгі бактарындағы, сондай-ақ жеке ыдыстардағы мөлшері 10 литрден аспайтын отынды өткізе аласыз.
Азаматтар кез-келген суретті, мүсінді немесе иконаны шекара арқылы өткізуге құқығы бар деп ойлайды. Мұндай заттар мәдени құндылықтар болу мүмкін және оларды әкетуге тыйым салынған немесе шектелген. Ұнап қалған экспонатты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің немесе оның аумақтық органдарының осы затты әкетуге тыйым салынбағанын растайтын тиісті анықтамасы бар болса ғана өткізуге болады.
Сонымен бірге, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың жеңілдетілген жүйесі қолданылады, яғни “қызыл” және “жасыл” дәліздер жүйесі. Қандай дәліз арқылы өтуге болатынын жолаушы өзі таңдайды.
Жасыл дәліз жоғарыда біз айтқан өткізу нормалары сақталғанда, тауарларды өткізетін жолаушыларға арналған. “Қызыл” дәлізден міндетті жазбаша декларациялауға жататын тауарлар мен ақша қаражаты бар жолаушылар өтеді.
Кедендік шекараны өтуге байланысты әрбір нақты жағдай бойынша консультативті пункттерден ақпарат алуға болады, олар барлық өткізу пункттерінде және аумақтық кеден органдарында, сондай-ақ Кедендік бақылау комитетінің e.customs.kz ресми сайтында орналасқан. Сонымен қатар, кеден ісі саласындағы сұрақтарды, “Call-center” “1412” тегін нөмірі бойынша қоңырау соғып сұрауға болады. Қоңыраулар қалалық нөмірлерден Қазақстан бойынша тегін.
Облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.