«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ маңызды мәселе болып табылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрлан САРМАНОВ,

Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік

мүлік және жекешелендіру

департаментінің бас маманы.

Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылымдық бөлімшесінің бірі болғандықтан, “Мемлекеттік мүлік туралы” 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығына немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің жедел басқаруына бекітілген республикалық мемлекеттік меншіктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізеді.

Елбасы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуын айқындап берді. Бұл ретте әлеуметтік-экономикалық мақсаттылық, соның ішінде мемлекеттік активтерді тиімді пайдалану және нығайту да маңызды.

Мемлекеттік актив құқық ғылымында жаңа ұғым болып табылады. Кеңестік кезеңнен кейінгі уақытта бұл ұғым заңнамада да, теориялық зерттеулерде де қолданылып жүр. Ол мемлекеттік меншік құрамының және оларды басқару тәртібінің түбегейлі өзгеруіне байланысты.

2013 жылғы 23 қаңтардағы ҚР Президентінің қатысуымен болған хаттамалық кеңестің тапсырмаларын орындау үшін 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік жылжымайтын мүлікке тексеру жүргізілді. Тексеру мемлекеттік органдардың өз қызметтерін жүзеге асыруын, мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуын, сонымен қатар республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың үйлесімді орналастырылуын, қажетті мүліктің мақсатына қарай жұмсалу-жұмсалмауын анықтау, мүліктің тиімді санын белгілеу мақсатын көздейді.

Тексеру 138 республикалық мемлекеттік мекеме мен кәсіпорында жүргізілді. Өткізілген тексеру нәтижесінде жалпы саны 38702,8 шаршы метр артық аумақ анықталды. Өздерінің ғимараттары жоқ республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне ауданы 1103,4 шаршы метр орын бөлінді. 37599,3 шаршы метр жекешелендіруге ұсынылды. Бүгінгі күні мемлекеттік басқару органдарымен келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр, одан кейін бұл аумақтарды одан әрі пайдалану туралы түбегейлі шешім қабылданады.

Сондай-ақ 2013 жылғы бірінші жартыжылдықтағы шаралар жоспарына сәйкес департамент мамандары мемлекеттік 26 органда мемлекеттік мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына жоспарлы тексеру өткізді.

Тексеру барысында анықталған негізгі бұзушылықтардың бірі – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың барлығы бірдей автокөлік құралдары және жылжымайтын мүлік нысандарына шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын тіркемейтіндігі.

Алайда, жалпы алғанда “Мемлекеттік мүлікті тіркеу” арнайы бағдарламасының арқасында заңнаманы бұзу фактілері кемігені байқалады.

Мемлекет мүддесіне байланысты нысандардың мақсатына қарай пайдаланылуы немесе пайдаланылмауы бойынша олардың одан әрі қолданылуына, басқа мемлекеттік органдарға берілуіне, жекешелендірілуіне немесе жалға, сенімді басқаруға, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілуі жөнінде шаралар қарастырылып жатқанын айта кеткен жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp