«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНЫШ ЕРЗАТҰЛЫ – ШӘМШІ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 31 шілде күні Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Мәдениет үйінде көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі, заманауи эстраданың негізін қалаушы, қазақ әні мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Алаштың аяулы азаматы Шәмші Қалдаяқовқа арналған облыстық “Менің Қазақстаным” ән байқауы өтті.

Әзина ТЕМЕШОВА,

облыстық Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығының

қазақ шығармашылығын дамыту

бөлімінің әдіскері.

Аудандық Мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлерінің тәжірибе алмасу және жұмысын жетілдіру мақсатын көздеген байқауға келген көрермен залды лық толтырды.  

Бұл байқауға Ш.Қалдаяқовтың әндерінен үмітін үкілеген 16 мен 30 жас аралығындағы 16 үміткер қатысты. Байқау шымылдығын Ш.Қалдаяқовтың “Ана туралы жыр” әнімен ашқан Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның үміткері Қуаныш Ерзатұлы бірден көрермен қауымды баурап алды.

Өнерінен үміт күттірген үміткерлердің дауыс әдемілігін, күшін сараптау қазылар алқасына да оңай тиген жоқ. Жүйріктердің де ішінде дүлдүлі болады дегендей, бас жүлдені жеңіп алған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның үміткері Қуаныш Ерзатұлы алда өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Ал қатарынан оза шыққан Ольга Оленская (Аққайың ауданы) мен Алтынкен Көшекбаев (Ғ.Мүсірепов атындағы) І орынды бөлісті. II орынды Жамбыл ауданынан келген Сәния Жармағанбетова қанжығасына байласа, Зәуреш Шаяхметқызы (Айыртау ауданы), Мерей Үсен (Есіл ауданы) III орынды иеленді.

Жас әншілердің өнеріне куә болған көрермендер ризашылығын білдірді. Жанымызға шуақ құйып, әсем әннің кәусарына қандырған Шәмші әндерінің “Менің Қазақстаным” атты облыстық байқауының деңгейі жыл сайын өсіп келетінін айта кетуді жөн көрдік.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp