«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮЛІК ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕС қоғамдық көліктерде де жүргізіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста бөтеннің мүлкіне қол сұғушылық қылмысы өршіп тұр. Мүлікке қатысты қылмыстардың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу үшін полицейлер жұмыстың жаңа түрлерін қолдануда. Оған тіпті қоғамдық көліктерді де жұмылдырып отыр. 

Қалалықтардың басым бөлігі пайдаланатын қоғамдық көліктердің мониторларында көрсетілетін роликтер мүліктік қылмыстардың алдын алудың бір түріне жатады. Пәтер тонаушылар мен телефон арқылы бопсалаушылардан қалай сақтануға болатыны туралы бейнероликтер көптеген қоғамдық көліктердің мониторларында үстіміздегі жылғы маусымның басынан көрсетіліп келеді. Бұл бейнетүсірілімдер ІІД басшыларының бастамасы бойынша әзірленіп, жарнама агенттігінің белсенді қолдауына ие болды.

A-video service” ЖШС жарнама агенттігінің директоры Станислав Хакимовтің айтуынша, аталмыш роликтер қаланың 13 бағытында 40 монитор арқылы көрсетіледі. Бұл бағыттардағы қоғамдық көліктер қаланың түрлі аудандарына қатынайды, демек, мақсаттық аудитория аумағы толық қамтылады. Роликтер 4-6 минут сайын қайталана отырып, күніне 164 рет көрсетіледі.

Қалалықтардың бұл жаңашылдыққа пікірі әртүрлі. Біреулері мұндай роликтерді бір рет те көрмедік десе, басқалары үнемі көретіндігін айтады және ол бүгінгі күні, әсіресе, зейнеткерлер үшін өте өзекті деп есептейді.

Жалпы жыл басынан бері облыста тіркелген 4612 қылмыстың 3271-і – бөтеннің мүлкіне қол сұғу. Сондықтан бұл тәртіп сақшыларын қылмыстың алдын алудың тиімді түрлері мен шараларын іздестіруге мәжбүрлейді. Аталмыш роликтерді қоғамдық көліктерде көрсетудің қаншалықты тиімділігін уақыт көрсетеді.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp