Айыртау ауданында IV облыстық әйелдер спартакиадасы жалауын көтерді. Аталмыш дода барысында өңірдің 13 ауданынан жиылған 500-ге жуық спортшы 3 күн бойы жарысты.
Бұрымды сайыскерлер волейбол, үстел теннисі, шағын және көше футболы, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, велоспорт, жеңіл атлетика сынды спорттың 9 түрінен сынға түсті.
Алаңға сап түзеп шыққан спортшылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ерекше жігер танытты. Сайыс қорытындысы бойынша 175,5 ұпаймен жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алған Айыртау ауданының құрамасы спартакиада жеңімпазы атанды. Ал Тайынша ауданының командасы (164 ұпай) мен шалақындық (159 ұпай) нәзік жандар екінші және үшінші орынға табан тіреді.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.