«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ ҚАСКӨЙЛЕР 60 тонна шөпті күйдірді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 433 өрт болып, одан 220 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 32 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма төрт адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Облыс орталығының “Казахстанская правда” көшесінде жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты. Белгілі болғанындай, өрттің шығуына шіріген ағаштың тұтануы себеп болған. Оқиға орнына жеткен жергілікті құтқарушылар отты 15 минутта ауыздықтады. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ.

Пешті жағу барысында өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы кесірінен Заречный кентіндегі “Искра” саяжай қауымдастығындағы моншаны өрт шарпыды. Тілсіз жау оның қабырғалары мен шатырын зақымдады.

Сондай-ақ электр сымдарының қысқа тұйықталуынан Солнечный кентінің Радужный көшесі бойында орналасқан монша отқа оранды.

Соңғы уақыттары облыс көлемінде шөп шашпаларда тіркелген өрт оқиғаларының саны көбейіп тұр. Мысалы, М.Жұмабаев ауданының Молодогвардейское ауылында белгісіз біреулер жергілікті серіктестіктің шөбін қасақана өртеп жіберді. Нәтижесінде маңдай термен жиылған 60 тонна мал азығы күл болды. Тергеушілердің айтуынша, Ақжар ауданының Май елді мекенінде өртенген 3 тонна шөп те дәл осылай күйген.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp