«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУДЫҢ жауапкершілігі ауыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) ғимаратына және темір жол вокзалына жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде жалған ақпарат таратылып, оның салдарынан 130-дан астам адам сыртқа шығарылды.

Үстіміздегі жылдың 8 тамызы күні 16 сағат 54 минут шамасында полицияға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО қызметкерлері оларға белгісіз ер адам қоңырау шалып, ХҚКО мен темір жол вокзалы ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны жөнінде хабарлағанын айтқан.

Көрсетілген ғимараттарға жедел әрекет ету қызметтері: полиция, өртсөндірушілер экипаждары, дәрігерлер, ІІД, ТЖД басшылары, ІІД-нің арнайы мақсаттағы “Арлан” бөлімшесінің сарбаздары, қызметтік-іздестіру иттерімен бірге кинологтар жұмылдырылды. Ғимараттардан адамдар сыртқа шығарылып олардың іші және жақын орналасқан аумақ мұқият тексерілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратушыны іздестіруде. Жыл басынан бері облыс бойынша лаңкестік акт туралы 5 рет жалған ақпарат таратылған. Алдыңғы 4-еуі де полицейлердің шұғыл әрекет етуімен дер кезінде анықталған.

Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 242-бабына сәйкес лаңкестік акт дайындалып жатқандығы туралы жалған ақпар таратушыларға 200-ден 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, болмаса 7 жылға дейін бас бостандығына шектеу қою немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары тартылатынын ескертеді.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp