«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ” өңірлік байқау-көрмесінің жеңімпаздары марапатталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Самат Ескендіров “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік байқау-көрмесіне қатысқан кәсіпорындардың басшылары мен жеке кәсіпкерлерді қабылдап, жеңімпаздарға 3 аталым бойынша дипломдар табыс етті.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Марапаттау рәсімін ашқан Самат Ескендіров отандық тауарлардың сапасы мен бәсекелестігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде жыл сайын “Қазақстанның үздік тауары” байқау-көрмесі, “Алтын сапа” байқау жәрмеңкесі өткізіліп келе жатқандығын, одан солтүстік-қазақстандықтар да шет қалмайтындығын, биылғы өңірлік додаға 47 кәсіпорын мен жеке кәсіпкер қатысқандығын, әсіресе, ауылдық бизнес өкілдері белсенділік таныта бастағандығын атап айтты.

Биылғы өңірлік байқау-көрменің қорытындысы әдеттегідей 3 аталым бойынша бағаланды. Самат Сапарбекұлы “Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар” аталымы бойынша “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-на – 1-ші, “Мұнаймаш” АҚ-на – 2-ші, “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен имараттар зауыты” ЖШС-іне 3-ші дәрежелі диплом, “Тұрғындарға арналған үздік тауарлар” аталымы бойынша жеке кәсіпкер Валерий Макаровқа – 1-ші, М.Жұмабаев ауданының жеке кәсіпкері Айдарбек Қалдыровқа – 2-ші, “Универсал-Север” ЖШС-іне 3-ші дәрежелі дипломдар, “Үздік азық-түлік тауарлары” аталымы бойынша “Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені” АҚ-на – 1-ші, Аққайың ауданындағы “Ростан” ЖШС-іне 2-ші, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жеке кәсіпкері Павел Ищенкоға 3-ші дәрежелі диплом дар табыс етті.

Үш аталым бойынша “Мичурин кірпіш зауыты” ЖШС, жеке кәсіпкер Петр Зыков, жеке кәсіпкер Борис Козлов, жамбылдық “Екпін – 2002” ЖШС, тайыншалық “Тайынша сүті” ЖШС, “Петропавл бройлер фабрикасы” ЖШС қосымша дипломдармен марапатталды.

Енді үздіктер атанған атанған 6 кәсіпорын мен 3 жеке кәсіпкер өз тауарларымен республикалық “Алтын сапа” байқау-жәрмеңкесіне қатысатын болады.

Суретті түсірген Вадим МУДАРИСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp