«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРҒА КӨМЕККЕ БАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

11 тамыз күні СҚО ТЖД-нің 32 сүңгуірші-құтқарушысы мен өртсөндірушсі және 6 бірлік автотехника Қостанай облысына сапарға шықты. Мақсат – көргі өңірде орын алған су тасқынына байланысты көмек қолын созу, төтенше жағдайға тап болған зәру тұрғындарға жәрдемдесіп, шаруашылық нысандарды бақылау. 

Евгений ОБУХОВ,
СҚО ТЖД-нің бөлім бастығы.

Қостанай облысында су тасқыны болып, өңірдегі Қарабалық және Таранов аудандарын су басып қалғаны белгілі. Табиғаттың тосын мінезі бір сәтте сегіз ауылды шайып үлгерген.
Үш ауданды бірдей жайпаған су Ресей жақтан келген. Себебі, толассыз жауынның кесірінен көршілес елдің Челябі облысының Қаратал-Аят өзеніндегі бөгет бұзылған. Жағдай одан әрі ушығып, Таранов пен Қарабалық аудандарын су басу қаупі төнген.
Апат барысында 61 тұрғын үй су астында қалса, үш ауданның ауылдарынан 300-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.
Табиғи апатпен күреске еліміздің үздік құтқарушы күштері жұмылдырылып, су тасқынын ауыздықтауға 107 арнайы техника мен 365 құтқарушы тартылды. Оның 47 бірлік техника мен 228 адам, 1 тікұшақ Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктен болса, 22 бірлік техника мен 129 құтқарушы өзге өңірлерден жеткізілді. Ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан тасқын суға тосқауыл қою үшін 60 бірлік техника мен 137 маман шақыртылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp