Қазақстандық теннисші А.Данилина Қазан қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Бұл жайында sports.kz сайты Халықаралық теннис қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Турнирдің екінші айналымында ресейлік М. Сироткинаға қарсы ойнаған жерлесіміз 1:6, 7:5, 7:5 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда А. Данилина украиндық спортшы В. Иваченкоға қарсы шығады.